Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін иеленді. 58 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әсем Садықова қос сайыста 217 (95+122) келі көтеріп, Азия құрлығының қола медальін жеңіп алды.
Тағы бір қазақстандық Сәуле Сәдуақасова жалпы 213 (96+117) келі көтеріп, 4-ші орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, Таиландтағы Азия чемпионаты 3 қыркүйек күні басталған. Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшелері турнирге кешеден бері араласты.
Енді бүгін жарыс жолына Александр Ким (69 келі) мен Фаина Сиванбаева (63 келі) шығады.