Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

13.02.2023

Астанада өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы алтын жеңіп алды. Олар 400 метр қашықтыққа жүгіруден 3 минут 44 секунд уақыт көрсетті. Ал, екінші орынға Өзбекстан құрамасы табан тіреді. Осылайша, Қазақстан желаяқтарының қоржынына тағы бір алтын қосылды.

Астанада жабық кешенде жеңіл атлетикадан X Азия чемпионаты аяқталды. Бұл турнир біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет өтті. Қазақстан құрамасының қоржынына 12 медаль түсті, 6 алтын, 3 күміс және 3 қола.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу