Таиланда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына төртінші алтын жүлде әкелді.
Ол финалда өзбекстандық Рустам Тулягановтан 3:0 (29:28, 29:28, 29:28) есебімен басым түсті.
Айта кетейік, осыған дейін Олжас Сәттібаев (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі) алтын, Зәкір Сафиуллин (60 келі) күміс, ал Қайрат Ерәлиев (56 келі) қола медаль иеленген еді.
«KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чепионатын тікелей эфирде көрсетуде.