Иван Дычко бокстан Азия чемпионы атанып, Қазақстанға 5-ші «алтын» әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иван Дычко бокстан Азия чемпионы атанып, Қазақстанға 5-ші «алтын» әкелді

05.09.2015
Иван Дычко бокстан Азия чемпионы атанып, Қазақстанға 5-ші «алтын» әкелді

Бүгін Таиландта бокстан Азия чемпионаты аяқталды. 91 келіден жоғары салмақтың финалында қазақстандық Иван Дычко қытайлық Ванг Жибаоны 3:0 есебімен жеңді. Осылайша Иван Қазақстан Ұлттық құрамасына 5-ші алтын жүлде әкелді.

Айта кетейік, осыған дейін Олжас Сәттібаев (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Василий Левит алтын, Зәкір Сафиуллин (60 келі) күміс, ал Қайрат Ерәлиев (56 келі) қола медаль иеленген еді.

«KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чепионатын тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу