Биыл Табылды Досымовтың туғанына – 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Табылды Досымовтың туғанына – 50 жыл

04.09.2015
Биыл Табылды Досымовтың туғанына – 50 жыл

Бард өнерінің алғашқы қарлығашы, алты ішектің арланы атанған Табылды Досымовтың әндері бүгінде қазақ сахнасынан ойып орын алған. Арда туған азамат өнерге тың серпін алып келді. 80-90 жылдарда әр жатақханада, әрбір кеште Табылдының әні шарықтады.

«Ұйықтап кетсем, бір күні оянбай қалам...»,-деген Табыл ақынның өмірден өткеніне де 5 жыл толды. Бес жаз өтті, бесінші күз келді. Дауылпаз ұлын жоғалтқан Қазақ елі қоңыр да сырлы әнін аңсады. Өнер деп соққан іңкәр жүрек тоқтаса да, шығармашылық өмірі жалғасып келеді.

Ақын Рахат Қосбармақ: «Ешкімге ұқасамайтын поэзиясымен, ешкімге ұқсамайтын сазгерлік дарынымен 1990 жылдардағы әдебиетке, өнерге келген толқынның аса айбарлы тұлғасы болды. Адамға деген адалдығы, сенімі жоғары болатын»,-дейді.

Ақынның сағынышқа, мұңлы сезімге, намысқа толы өлеңдері көптің жүрегін жаулап алды.  Жастарға патриоттық руһ сыйлады. «Жалған дүние», «Ұнатамын мен сені», «Сәйгүлік», «Мен - қазақпын» туындыларын қалың қазақ жақсы біледі.

Табылды Досымов туралы  замандастарының естелігін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу