Ұлттық банк теңге бағамының 1 доллар үшін 400 теңге болуы мүмкіндігін жоққа шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк теңге бағамының 1 доллар үшін 400 теңге болуы мүмкіндігін жоққа шығарды

27.08.2015
Ұлттық банк теңге бағамының 1 доллар үшін 400 теңге болуы мүмкіндігін жоққа шығарды

«Біз өткен аптаны бақылап қарап отырып, долларға шаққандағы теңге бағамы 240-тің деңгейінде болатын шығар деген байлам жасап отырмыз. Бұл теңдестірілген және оңтайлы деңгей. Ал қыркүйекте долар көтеріледі деп ойламаймын», – подчеркнул Нұрлан Құсаинов.

Бұған қоса ол, 2-қыркүйекте Ұлттық банкте өтетін техкеңес барысында теңгенің базалық ставкасы белгіленетіндігін айтты.

«Бұл валюта нарығы мен екінші деңгейлі банктер үшін белгі іспеттес. Меніңше, ол уақытта қандай да бір тосынсыйлар болмауы керек. Өйткені, біз теңгені еркін айналымға жібергелі бері пайыздық арнаны  жан-жақты байқап, нақты көре алдық. Сондықтан қыркүйекте біз ешқандай да тосынсыйларды күтіп отырған жоқпыз», – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары, деп жазды бүгін  Капитал кз.  

 

Хабарламаларға жазылу