Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жылдық жоспардың 78 пайызы орындалды-ДСӘДМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жылдық жоспардың 78 пайызы орындалды-ДСӘДМ

26.08.2015
Халықты жұмыспен қамту бағытындағы жылдық жоспардың 78 пайызы орындалды-ДСӘДМ

Бұл ретте жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 250 адам қамтылғандығын және бұның бір жылға бекітілген жоспардың 78 пайызын құрайтындығын айты кету керек.

Жұмыспен қамту органдарына қайырылған азаматтардың 234 мыңының өтініштері қанағаттандырылды.  

Атап айтқанда, мемлекеттік салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылған жобаларға  25 мың 825 мың адам тартылған. Тағы 14 мың 162 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 11 мың 324 адам, жастар тәжірибесімен қамтылған, 121 мың 584 адам мемлекеттік қолдау бағдарламаларының көмегінсіз жұмыспен қамтылды.  

Сонымен қатар, тұрғындарды жұмыспен қамтудың тиімді шараларының бірі оларды қоғамдық жұмысқа тарту болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарға барлығы 61 мың азамат жұмылдырылған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу