Дүкеннен жаңа ғана сатып алған аяқ киіміңіз шақ болып көрінгенімен, үйіңізге келіп, қайта кигенде аяғыңызды қысып, өзіңізді ыңғайсыз сезінетін кездер жиі болып тұрады.
Оны үй жағдайында бірнеше тәсіл арқылы үлкейтуге болады.
Аяқ киімнің ішіне қайнаған су құйып, қайта төгіп тастаңыз. 3-5 минут өткен соң үйдің ішінде қалың шұлықпен 1-2 сағат киіп жүре тұрыңыз. Нәтижесін мезетте-ақ сезесіз. Ескертетін жайт, бұл тәсілді замш және лакты аяқ киімдерге қолдануға болмайды.
Екінші тәсіл үшін қабатталған полиэтилен пакеті қажет.
Пакетті аяқ киіміңіздің ішіне салып, су құйғаннан соң аузын байлаңыз. Су қатқанға дейін бірнеше сағатқа туфлиіңізді тоңазытқышқа салып қойыңыз.
Мұздатқыштың ішінде аяқ киімді қанша уақыт ұстау керек? «Таңшолпаннан» біліңіз.