Шараның мақсаты - түрлі елдердің жастарын біріктіріп, ортақ жобаларды талқылау мен жүзеге асыру, серіктестік орнату болып табылады. Халықаралық лагерьге Астана қаласының арнайы делегациясы да барып қайтты.
Жұмыс сапары кезінде Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді елімізде өткізілетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі туралы баяндап, жастар арасында кең тараған белсенді волонтерлік жұмыс туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, шара аясында «Астана волонтер» жобасы таныстырылып, өзге елдердің жастары тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Түрксойға мүше елдерден келген көптеген жастар бұл волонтерлік жұмыстарға қатысуға және турист ретінде елімізге келуге ниет білдірді.