БҰҰ: Қақтығыстардың салдарынан Йеменге аштық қаупі төнгелі тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: Қақтығыстардың салдарынан Йеменге аштық қаупі төнгелі тұр

21.08.2015
БҰҰ: Қақтығыстардың салдарынан Йеменге аштық қаупі төнгелі тұр

Йеменге қару қақтығысы салдарынан аштық қаупі төніп тұр, деп мәлімдеді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері. Ұйымның атқарушы директоры Эртарин Казиннің сөзінше, жергілікті халық  азық-түлік, ауызсу және жанармай жетіспеушілігінен зардап шегуде. 13 миллионға тарта халық көмекке мұқтаж.

БҰҰ-ның мәліметінше,  қақтығыс болған  төрт ай ішінде 2000-нан астам бейбіт тұрғын мерт болып, 1,4 миллион тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.

Көтерілісші-хуситтер Йемен үкіметінің әскерилері және олардың одақтастары Сауд Арабиясы қарамағындағы халықаралық коалициямен соғысуда.

Казин Йемендегі үш күндік гуманитарлық көмек беру акциясының елдің біраз аймақтарына жетпегенін айтты. Оған кедергі – тоқтамай жатқан қақтығыстар.

Хабарламаларға жазылу