Бақыт Сұлтанов: Инвестициялық жобаларды қаржыландыру жұмысы тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақыт Сұлтанов: Инвестициялық жобаларды қаржыландыру жұмысы тұрақты

20.08.2015
Бақыт Сұлтанов: Инвестициялық жобаларды қаржыландыру жұмысы тұрақты

«Бюджеттің атқарылуына келер болсақ, бүгінде барлық әлеуметтік төлемдер де, бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру жұмысы тұрақты.  Бұл тұрақтылық жыл аяғына дейін сақталады»,-деді Бақыт Сұлтанов.

«Біз бюджеттен барлық тиімсіз шығыстарды алып тастадық. Былтырғыға қарағанда биыл игерілмей қалған бюджеттік бағдарламалар көлемі екі есе төмен. Жалпы, шығысты есептегенде бұл 1,5 пайыз ғана.

Жергілікті ақтарушы органдар және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тығыз байланыстамыз. Сондықтан, игерілмей жатқан барлық бюджеттік бағдарламалардың қаражаты тиімді салаларға жұмсалатын болады», -деді ҚР Қаржы министрі.

Хабарламаларға жазылу