24-26 тамыз аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ауданының Хан ордасы ауылында «Елдіктің терең тамыры» атты мәдени-көпшілік шаралар өтпек.
Облыстық мәдениет басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, алғашқы күні жан-жақтан келетін меймандар Жәңгір хан, Дәулеткерей Шығайұлының кесенелеріне тағзым ету рәсіміне қатысады.
Сонымен қатар, арнайы жүлделі орындар үшін ұйымдастырылған аламан бәйге, түйе палуандар арасында қазақ күресінен жарыстар болады.