Грузияда нан қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияда нан қымбаттайды

10.08.2015
Грузияда нан қымбаттайды

Грузияда биыл қыркүйек айынан бастап нан бағасы қымбаттайды. Өндірушілердің айтуынша, бұл ұн бағасының қымбаттауымен байланысты.

«Өкінішке қарай, біз нан бағасын бірқалыпты сақтап отыра алмаймыз. Егер ұн бағасы реттелмесе, нан 10 тетри шамасында артады. Мұның басты себебі, бір қап ұн құны маусым айынан бері 37 лариден 44 лариге дейін артқан. Бұл тым көп.

Сондай-ақ, энергия тарифінде де өзгерту болады. Оның үстіне ларидың құнсыздануын қосыңыз. Бұл жағдай әрі қарай осылай жалғаса берсе, жағдай қиын болады»,-дейді «Ипкли»  ЖШС бас директоры Шакро Бакурадзе.

Нан бағасының қымбаттайтынын Нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындар қауымдастығының жетекшісі Малхаз Долидзе де айтады. Оның айтуынша, қандай да бір шара қолданылмаса, бағаның шарықтауы сөзсіз.

Хабарламаларға жазылу