Ақтөбеде нан бағасы қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде нан бағасы қымбаттайды

26.09.2014
Ақтөбеде нан бағасы қымбаттайды

Ақтөбеде бірінші сұрыпты нан бағасы қымбаттайды, деп «Рамазан» ЖШС бас директоры Орынбасар Мусин хабарлады.

Бұған дейін нанның бағасы 42 теңге болған болса, енді дүйсенбіден бастап 47 теңгеге қымбаттайды.

Өндірушілер нан бағасының өсуін жанар-жағармай мен коммуналдық қызметтердің қымбаттауымен және егіннің шықпай қалуымен байланыстырып отыр.

Қаланың кәсіпкерлік бөлімінің мәліметіне қарағанда, «Рамазан» ЖШС бүгінде 1-ші сұрыпты нанның 70 пайызын өндіреді. 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу