«Сарырқа» кораблі «Каспий теңізі-2015» сайысын бастауға кіріседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарырқа» кораблі «Каспий теңізі-2015» сайысын бастауға кіріседі

04.08.2015
«Сарырқа» кораблі «Каспий теңізі-2015» сайысын бастауға кіріседі

Бүгін қазақстандық «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі «Каспий теңізі – 2015» байқауы шеңберінде Ресей, Қытай және Әзірбайжан суүсті корабльдерінің экипаждарымен алғашқы сайысқа түседі.  Төрт елдің әскери теңізшілері артиллериялық оқ атуларды орындап, корабльдерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін сынайтын болады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Ең алдымен корабль 12 торап жылдамдығында берілген бағдар бойынша бір айналымнан өтеді. Бағдар күту аудандарымен, сөре және мәре шептерімен, айып алаңы және жауынгерлік жаттығуларды орындау аудандарымен жабдықталған.  Белгі бойынша корабль тиісті секторға көшуді жүзеге асырады және жарқырағыш авиациялық бомба түріндегі шағын көлемді теңіз және әуе нысаналарын, сондай-ақ, жүзбелі мина түріндегі суүсті нысананы жоюға кіріседі.

Оқ атуларды аяқтап, корабль мәреге көшеді. Осы кезеңде экипаждың корабль қару-жарағын пайдалануының дәлдігі мен шеберлігі ғана емес, сонымен қатар бағдарды нақты сақтауы, шептен шепке дәл көшуі бағаланатын болады. Ертең әскери теңізшілерімізді сынақтың екінші бөлігі күтіп тұр. Онда теңізшілеріміз өрнектеу жалауларын пайдалана отырып, белгіні қабылдау және тарату жылдамдығы, борттың арғы жағында қалып қойған адамды құтқару үшін нүкте координаттарын алу, берілген бағдармен корабльді зәкірге қою бойынша сайысқа түседі.

Хабарламаларға жазылу