Дат меценанты Берлин жаратылыстану музейіне тираннозаврдың қаңқасын табыстады. Музейге келушілер осыдан 66 миллион жыл бұрын өмір сүрген диннозаврдың қаңқасын желтоқсан айынан бастап тамашалай алады, деп жоспарлануда.
Tyrannosaurus Rex АҚШ-тың Монтана штатында табылған. Әзірге арнайы жабдықталған жүк көлігі арқылы оның бас сүйегі ғана музейге әкелінген. Ал, қалған мүшелері осы аптада жеткізілмек.
Ғалымдар тираннозаврдың қаңқасын изотопты әдіс арқылы зерттеуде. Музей директорының айтуынша, алғашқы зерттеудің өзінде-ақ, ғалымдар сенсациялық жаңалықтың куәсі болған.
«Ендігі зерттеулер динозаврдың жасын, жынысын анықтауға мүмкіндік береді», - дейді ғалымдар.