Қазақстандық профессор Нобель медаліне ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық профессор Нобель медаліне ие болды

15.07.2014
Қазақстандық профессор Нобель медаліне ие болды

Қазақстандық профессор Әбілхан Үмбетов өнертапқыштыққа қосқан үлесі үшін А.Нобель атындағы «алтын» медальмен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалымға «Лазерлік өлшем құрылысы» атты ғылыми-зерттеу  жұмысы үшін Ресей жаратылыстану академиясының сыйлығы - Нобельдің «алтын» медалі табысталды.

Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы, профессор Әбілхан Үмбетов 2012 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының үздік 200 оқытушысының қатарына енген.

Ал, осы жылдың басында «Ғылым» аталымында облыстық меценаттар клубы сыйлығының иегері атанды.  

Айта кетейік, Альфред Нобель атындағы медаль Ресей жаратылыстану академиясының атынан үздік ғылыми жұмыстар, жаңалықтар үшін тағайындалады.

Хабарламаларға жазылу