21 шілде – Бельгияның ұлттық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 шілде – Бельгияның ұлттық күні

21.07.2015
21 шілде – Бельгияның ұлттық күні

Бельгияның ұлттық күні – елдің ең маңызды мерекесі 1830 жылдан бері  әр жыл сайын 21 шілдеде аталып өтеді.  Бұл күні  патша тағына Леопольд I (Leopold of Saxe-Coburg) өткен еді.

Бельгияның ұлттық күннің құрметіне арналған салтанатты шаралар елдің әр түкпірінде ұйымдастырылады. Ал, ең жарқын мерекелік шаралар Брюссельде өтеді.

Шеруден соң қала көшелері мыңдаған бельгиялықтар мен туристерге толады. Музыка ойнап, би, театр ұжымдары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, бұл күні Корольдің өнер музейі, Корольдің Тарих және дәстүр мүзейі, Патша сарайы мен Бельгия парламенті, мемлекеттік музей, тарихи ескерткіштерді тегін аралауға болады.

Хабарламаларға жазылу