20-21 шілде күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық үзіліс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20-21 шілде күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық үзіліс

20.07.2015
20-21 шілде күндері  «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық үзіліс

Жоспарлы-тәжірибелік жұмыстар кестесі және 2015 жылға арналған «Қазтелерадио» АҚ Ұлттық телерадиотарату желісі техникалық орталығындағы бақылау жұмыстарына сәйкес 20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік және «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Ал, 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында жоғарыда көрсетілген техникалық құрылымдарда тоқсандық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Осыған орай 20 шілде күні Қазақстан Республикасы бойынша Қазақ радиосының бағдарламалары 03:00-17:00 аралығында, «Шалқар» Ұлттық арнасының бағдарламалары 06:00-17:00 аралығында, «Астана» радиосының хабарлары (Астана қаласындағы қабылдағыш FM -101,4) 07:00-17:00 аралығында, «Classic» радиосының хабарлары 03:00-17:00 аралығында эфирге шықпайды.

21 шілде күні Қазақ радиосы, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары сағат 15:00-16:00 аралығында уақытша тоқтатылады.  

FM -101,4 қабылдағышы Астана қаласында күнделікті уақыт бойынша сағат 07:00-02:00-ге дейін үзіліссіз хабар таратады.

Хабарламаларға жазылу