«Аполлон» командирі Томас Стаффорд немересіне Алексей Леоновтың есімін берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аполлон» командирі Томас Стаффорд немересіне Алексей Леоновтың есімін берді

19.07.2015
«Аполлон» командирі Томас Стаффорд немересіне Алексей Леоновтың есімін берді

АҚШ-тың «Аполлон» ғарыштық кемесінің командирі Томас Стаффорд немересіне «Союз» командирі Алексей Леоновтың есімін берді.

«Мен немереме Алексей деген ат қойдым, ал ол немересін Карина деп атады», деді Стаффорд «Союз» бен «Аполлон» кемелері түйісунің 40 жылдық мерейтойында.

Сонымен қатар, Алексей Леоновтың айтуынша «Аполлон» командирі екі орыс баласын асырап алған.

«Олар 8 және 10 жаста еді. Қазір Миша Университетте оқыса, Стас Вест-Поинт әскери оқу орнын тәмамдауда. Сондықтан Томас Стаффорд екеуіміз тек дос қана емеспіз, біздің немерелеріміз де ортақ», - деді Леонов.

Томас Стаффорд АҚШ пен Ресей астронавттары ештеңеге қарамастан әрқашан дос екенін айтады.

«Біз – космоновттар мен астронавттар, барлығымыз доспыз. Себебі әрқайсымыз өз ісіміздің кәсіби маманымыз. Сондықтан біз үшін ешқандай шекара жоқ, тіпті арамызда орысша, да ағылшынша да сөйлей береміз», - деді орысша Стаффорд.

 

Фото: РИА Новости

 

Хабарламаларға жазылу