Халықаралық ғарыш станциясынан 3 астронавт Жерге оралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық ғарыш станциясынан 3 астронавт Жерге оралады

03.10.2019

Бүгін Халықаралық ғарыш станциясынан 3 ғарышкер Жерге оралады.

Олар Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтыққа табан тіреуі керек. 

Экипаж құрамында «Союз» кемесінің командирі Алексей Овчинин, НАСА астронавты Ник Хейг және Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы Хаззаа әл-Мансури бар. 

Овчинин мен Хейг орбиталық бекетте - 202, ал әл-Мансури 8 күн болды. Олар Жерге қайтқаннан кейін аталған станцияда 6 ғарышкер қалды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу