«Тамаша» ойын-сауық отауы қазақы қалжыңды ең бір ұшар биікке көтерген ерекше ұжым ретінде танымал. Қазақ сахна өнерінде 35 жылдық тарихы бар «Тамаша» әзіл-сықақ театрында талай буын түлеп ұшты.
Бүгінде Мейірман Нұрекеев, Тоқсын Құлыбеков, Уайыс Сұлтанғазин, Құдайберген Сұлтанбаевтар салып кеткен сатира жолымен келе жатқан актерлер көп.
Жүрген жерлерін думанға айналдырған актерлер бүгін 21:00-де «Ұлттық шоуда» қонақта.