Ғалымдар панданың 100 пайыздық бамбук диетасында қалай өмір сүретінін анықтаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар панданың 100 пайыздық бамбук диетасында қалай өмір сүретінін анықтаған

11.07.2015
Ғалымдар панданың 100 пайыздық бамбук диетасында қалай өмір сүретінін анықтаған

Сол себепті олардың денесіндегі ең маңызды мүшелері кішірейіп, ағзасы энегрияны үнемдеуге бейімделген, деп мәлімдейді зоологтар «Science» журналында. 

Аю тектестер жануарлардың ішінде тек «Үлкен пандалар» (Ailuropoda melanoleuca) ғана тек өсімдікпен қоректенеді. Оларға өмір сүру үшін күніе 30 келі бамбук жеу керек. Сондықтан ол тәулік бойы тамақтануға мәжбүр.  

Қытай ғылым академиясы (Бейжің) жанындағы Зоология институтының қызметкері Фувень Вэйдің (Fuwen Wei) айтуынша, оның әріптестері пандалардың микрофлорасын, миграция мен асқазанының жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеген.

Осылайша жуырда бамбукты аюлардың асқазанында өсімдіктің «жеуге жарамсыз» қалдықтарын қорытатын микробтардың жоқ екені анықталған. Яғни, пандалар сиырлар мен басқа да шөпқоректілерге қарағанда қорегінен аз энергия алады.  

Ф.Вэй мен оның әріптестерінің зерттеуі бойынша, пандаларға қалыпты жағдайда өмір сүру үшін тура сондай көлем мен салмақтағы жануарларға қарағанда қоректен алынатын энергияның үштен бірі ғана қажет.

Пандаларға энергияны үнемдеуге екі жағдай көмектеседі. Біріншісі – олардың денесіндегі барлық маңызды мүшелері, оның ішінде бүйрек пен жүрек кішірейген. Екіншісі – пандалардың қалқанша безіндегі гормондардың молекуласын реттейтін DUOX2 гені ерекше мутация ұшыраған. Яғни, гармон аз өндірілгендіктен бамбукты аюларда метаболизм жылдамдығы барынша баяуланған.

Сонымен қатар, зерттеулер пандалардың жабайы табиғатта аз қозғалатынын көрсеткен. Олар орман кезіп, тәтті қорек іздеудің орнына бір жерде жата беріп, қасындағы бамбукты жей береді. Ф.Вэй мен оның әріптестерінің айтуынша осылардың барлығы пандаға тек бамбук жеп, өмір сүруге көмектеседі.

Хабарламаларға жазылу