20 жыл бұрын АҚШ-тың хайуанаттар бағына берілген панда Шанхайға оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 жыл бұрын АҚШ-тың хайуанаттар бағына берілген панда Шанхайға оралды

28.04.2023

Осыдан 20 жыл бұрын АҚШ-тың хайуанаттар бағына жалға берілген алып панда Шанхайға қайта оралды. Ол мұндағы зообаққа жеткізілмес бұрын карантиндік тескеруден өткен. Биыл 22 жасқа толған Йа-йа есімді бамбук аюы – Қытайға қайтуы тиіс екі ірі панданың бірі. Алайда оның 25 жастағы Ли-ли атты серігі ақпанда жүрек талмасынан кейін оянбай қалған.

 Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу