«Bala Turkvizion» байқауына Алматы қаласынан қатысатын балалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bala Turkvizion» байқауына Алматы қаласынан қатысатын балалар анықталды

09.07.2015
«Bala Turkvizion» байқауына Алматы қаласынан қатысатын балалар анықталды

Алматы қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен «Bala Turkvizion Қазақстан» Халықаралық балалар әні байқауының Ұлттық іріктеу кезеңіне 8-13 жас аралығындағы 260-тан астам бала қатысты.

Жартылай финал қатысушыларын «Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан, Есболат Беделхан және продюсер Сұлтана Қаражігітовалар анықтады. Тәлімгерлер финалға трионы шығару мақсатында үш қатысушыны таңдады. Олар - Айдана Жұмағұлова (13 жаста), Дана Әли (12 жаста) және Ақерке Сүлейменова (13 жаста).

Айдана – көпбалалы отбасынан шыққан. 3 жасынан ән айтады. Дана -фортепиано және вокал сыныбы бойынша музыкалық білім алады. Ал, Ақерке «Елбасы жолы» фильмінде Дариға Назарбаеваның рөлін сомдаған. Сондай-ақ, «Тракторшының махаббаты», «Ғашық жүрек» фильмдеріне түскен.

Іріктеуге жоба жанашыры, «Жандану әлемі» қорының  құрылтайшысы Әлия Назарбаева келді.

«Bala Turkvizion» байқауының - өзіндік ерекшеліктері бар. Биылғы жылдың қыркүйек айында қазақ тіліндегі жаңа 16 балалар әнінің тұсауын кесеміз. Бұл әндерді қазақстандық композиторлар мен ақындар жазады. Туындыларды балабақшалар мен мектептерге сыйлаймыз. Шығармалар балалардың жүрегінен орын тауып, Отанға, отбасыға, тарих пен салт-дәстүрге  деген махаббатын арттыра түседі», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін байқаудың аймақтық іріктеу кезеңдері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында өткен.

Келесі кастинг 11 шілде күні Ақтау қаласында ұйымдастырылмақ. 

Хабарламаларға жазылу