Сарапшы: «Орта Азия және АҚШ» диалог алаңын ресми құрылымға айналдыру керек
Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен барды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. «Орта Азия және АҚШ» диалог алаңын ресми құрлымға айналдыру керек. C5+1 саммиті қарсаңында Вашингтонда бас қосқан америкалық сарапшылар осындай ұсыныс айтып отыр. Аймақ пен АҚШ-тың байланысын тереңдету жолдары талқыланған жиыннан меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы тарқатсын.
«Орта Азия және АҚШ» платформасының құрылғанына биыл тура он жыл. Алғашқыда
министрлер деңгейіндегі диалог алаңы болып келсе, енді мемлекеттер басшылары
бас қосып өзара байланысты талқылайтын құрылымға айналды. Сондықтан АҚШ-тың
белді дипломаты Қазақстанда бірнеше жыл елші болған саясаткер Ричард Хогланд
алыңды ұйым деңгейіне дейін көтеріп, оған Әзербайжанды да қосу керек деп
санайды.
Ричард Хогланд, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі:
Егер C5 елдері Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған ресми институтқа айналса, мысалы ASEAN немесе Балтық кеңесі секілді, олар толық тәуелсіздігін сақтай отырып, әлемдік аренада бірлесіп әрекет етсе, әлдеқайда жоғары бедел мен ықпалға ие болар еді. Сол себепті мен бұл топтың дамуындағы келесі кезең дәл осы болады деп ойлаймын. Қазірдің өзінде C5 мүшелері Әзербайжанды өз кездесулеріне қатысуға шақырып жүр. Сондықтан келесі логикалық қадам – оның «C6» форматына айналу мүмкіндігі.
Бұл – ең маңызды өңірлердің бірі. Геосаяси тұрғыдан бұл Батыс пен Қытайдың арасындағы буферлік аймақ қызметін атқарады. Алдағы онжылдықта біз көргіміз келетін нәрсе – Қытайдың батысқа қарай кеңеюін тежеуге көмектесетін бейтарап немесе жартылай бейтарап аймақтың қалыптасуы. Бұл – АҚШ көздеп отырған үлкен геосаяси мақсат.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы