Гемангиома диагнозымен туған балаларға ота тегін жасалатын болды
Енді ерін, таңдай жырығы, гемангиома диагнозымен туған балаларға ота тегін жасалады. Мәжіліс ерекше балаларды қолдау туралы заңды жұмысқа алды. Бұған дейін мемлекет балалардың бет-жүзіне жасалатын операцияларға қаржы бөлмейтін. Өйткені мұндай ем-шара денсаулықты жақсарту үшін емес, сыртқы келбетті қалпына келтіру үшін қажет деп саналып келді. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, ота жасалмаса, баланың тыныс алу, көру қабілеті нашарлайды. Сондықтан енді тамырлық малформациялар мен бет-әлпеттегі өзге де ауру түрлері мемлекет есебінен емделеді.
Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:
Бұл заң келесі жылдан бастап іске асады. Сирек кездесетін аурулардың алдын алу бойынша және ертерек көмектесу түрғысында жақсы тетік деп ойлаймыз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үздік сантехник Оралда тұрады
05.11.2025, 17:37
Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясын өткізу дәстүрге айналды
05.11.2025, 17:35
БҚО-да дропперлер жайлы дәріс-кеңес өтті
05.11.2025, 17:32
Ақмола облысында 370 келі есірткі тәркіленген
05.11.2025, 17:30
ЖИ теңіз астын тез зерттейді
05.11.2025, 17:27
Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу кейінге қалды
05.11.2025, 17:24
Ақтауда биыл тағы екі «Келешек мектеп» ашылады
05.11.2025, 17:21
Мектеп оқулықтары өзгереді
05.11.2025, 17:19