Ішкі саясаттың жаңа тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан ішкі саясатының жаңа қағидаттары мен
бағыттары бекітілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін елдің негізгі
құндылықтарын айшықтайтын Жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздің ішкі саясаттың
жұмысын жүйелеуге және үйлестіруге арналған маңызды тұжырымдама. Аталмыш идея
алғаш рет ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген еді. Сарапшылар мен қоғам
қайраткерлері ішкі саясат бағытындағы барлық жұмысты реттейтін бірыңғай құжат
әзірлеуді ұсынды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдады. Осыдан кейін
Президент Әкімшілігі мен тиісті министрліктер бірлесіп, жаңа құжатты дайындады.
Жаңа қағидатнаманы әзірлеу барысында Мемлекет басшысының Жолдаулары,
сөйлеген сөздері және 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары негізге алынды.
Енді әр мемлекеттік органның жұмысы бір ортақ ережеге бағынбақ. Негізгі мақсат
– қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыру, азаматтардың пікірін
ескеру, елдің тұрақтылығын сақтау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы