Түркістан облысында жылқы сойған жігіт сібір жарасын жұқтырған
Түркістан облысының Төле би ауданында жылқы сойған жігіт сібір жарасын жұқтырды. Облыстық Санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Ақайдар ауылының тұрғыны қолына жара шығып, ауруханаға жатқызылған. Кейіннен алынған сынамалар қорытындысы оның жұқпалы ауруды жұқтырғанын растаған. Оның жанында болған он адам да тексерілгенімен, ауру белгілері анықталмады. СЭС мамандары тексеру жүргізу барысында сойылған малға екпе жасалмағаны белгілі болды. Абырой болғанда ет жан-жаққа тарап кетпей, залалсыздандыруға алынды. Қазір осы жағдай бақылауға алынып, тексеру жалғасуда.
Ақерке Мақұлбекқызы, Түркістан облыстық Санэпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Еттің ізімен жүріп, біз зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Етті тасыған автомобиль, барған жерін - барлық ізіне полицияға да салдық. Таратып үлгермеген, себебі ол оны бүтіндей өткізіп жіберемін деп ойлаған болса керек. Сақталған жерінен табылды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұжырымдамалық құжатта жалпыұлттық нышандардың тізімі бекітілді
05.11.2025, 20:08
Ел тарихында алғаш рет ішкі саясат саласының негізгі бағыттары мен құндылықтары бекітілді
05.11.2025, 20:03
Үздік сантехник Оралда тұрады
05.11.2025, 17:37
Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясын өткізу дәстүрге айналды
05.11.2025, 17:35
БҚО-да дропперлер жайлы дәріс-кеңес өтті
05.11.2025, 17:32
Ақмола облысында 370 келі есірткі тәркіленген
05.11.2025, 17:30
ЖИ теңіз астын тез зерттейді
05.11.2025, 17:27
Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу кейінге қалды
05.11.2025, 17:24