«Капитан Байтасов» фильмі көрерменге жол тартты
Шынайы оқиғаға негізделген «Капитан Байтасов» фильмі үлкен экран арқылы көрерменге жол тартты. Туындыны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясы және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» бірлесіп түсірген. Ғазиз Байтасов Таразда лаңкестерді тоқтатып, өз өмірін құрбан еткен полиция капитаны. 2011 жылдың 12 қарашасында тәртіп сақшысы қылмыскердің атқан оғын тосып, жарған гранатасын денесімен жауып, бейбіт тұрғындардың жанын сақтап қалған. Режиссер Дәурен Қамшыбаевтың драма мен экшн жанрындағы кинотуындысы жалғыз Байтасовтың ғана емес, лаңкеспен күрес жолында қаза тапқан құзырлы орган қызметкерлерінің жанкештілігін баяндайды.
Әділет Омаров, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
Біздің балаларымызға,өскелең ұрпаққа қандай да бір, тұлғаларды паш ету арқылы, соларға бір стимул беретіндей, мотивация беретіндей деңгейдегі фильм. Сондықтан бұл фильмнің көрерменге жалпы айтары көп. Оның ішінде еліміздегі құқық қорғау органдарының мәртебесін көтереді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
