Басты Жаңалықтар Қорқыт ата университеті 45 қандасқа грант берді

Қорқыт ата университеті 45 қандасқа грант берді

Қызылордада Қорқыт ата университеті Президент міндеттеген ІТ және жасанды интеллект мамандықтарын оқытуға басымдық беріп отыр. Биыл іргелі оқу орны Оңтүстік Кореяның Сеултех университетімен тығыз байланыс орнатып, студенттер қос диплом бағдарламасымен білім алып жатыр. 

Бүгінде 11 мыңнан аса жас Қорқыт ата университетінде білім алуда. Оның 40 пайыздан астамы мемлекеттік грант иеленген. Сондай-ақ мамандар даярлауда 200-ден аса студент шетелдік университеттерде білімін жетілдіріп, тағылымдамадан өтті. Бұдан бөлек соңғы екі жылда өзге мемлекеттердегі 45 қандасымызға ректордың гранты берілген.

Аягөз Мейрамбекқызы, студент:

Мен мектептен бакалаврға дейін Қытайда оқыдым. Енді ағылшын тілі мамандығына түстім.


Бөлісу