Басты Жаңалықтар ШҚО-да жаңа жылыту қазандығы іске қосылды

ШҚО-да жаңа жылыту қазандығы іске қосылды

Республика күніне орай Шығыс Қазақстан облысындағы Таврия ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Құрылысы 5 жылға созылған спорттық нысан биыл облыс әкімнің тікелей қадағалауының нәтжесінде ел игілігіне берілді. Жалпы ауданы 1280 шаршы метрден асатын екі қабатты кешен соңғы үлгідегі жаттығу құралдарымен жабдықталған. Кешенде түрлі спорт түрлері бойынша жарыстар мен дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік туды. Түрлі спорттық үйірмелерге қатысатын ауылдағы жастар мен мектеп оқушыларын енді бұрынғыдай қалаға сабылмайды.

Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:

Биылғы жылы, бұйыртса, осындай кешен ашамыз. Біреуі осы Бозанбай ауылында. Келесі Катонқарағай ауылында. Бозанбай ауылында үшіншісі ашылады. Біздің тек спортшылар ғана емес, ауыл тұрғындары да осы спорт кешенінде шұғылданып, өздерінің денсаулығын нығайта алады.

Таврия бұрын аудан орталығы болған. Сондықтан көпқабатты үйлер мен халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар үздіксіз жұмыс істеп тұр. Соған сәйкес қуаты 5,4 МВт болатын жаңа жылыту қазандығы да іске қосылды. Әзірге балабақшаға, мектеп, аурухана және әкімдік сияқты 16 мекеме орталық жылуға қосылды. Келешекте жеке үйлер мен коммерциялық нысандарды да орталықтан жылытуға болады. Оған қазандықтың қуаты жетеді.


Бөлісу