Басты Жаңалықтар Орталық стадионға 23 мың жанкүйер жиналды

Орталық стадионға 23 мың жанкүйер жиналды

Орталық стадионға 23 мыңға жуық адам жиналды. Алаң сыртында да мыңдаған жанкүйер сүйікті командаларын қолдауға келіп жатыр. Халықтың көңіл-күйі мен қонақтардың әсерін әріптесім Айдана Қуантхан жеткізеді

Айдана Қуантхан, тілші:

Дәл қазір алаңда ине шаншар орын жоқ. Дегенмен тарихи матчты тамашалауға келушілер әлі толастар емес. Ал мына фан-аймақтарда «Қайраттың» қолдаушылары эмоцияларын көрсетіп, біреуі әнге басса, енді бірі жалауын желбіретіп, ұранға үн қосты.

Айдана Қуантхан, тілші:

Ресми мәліметке сүйенсек, стадионға 22 800 көрермен жиналған. Меймандар легін Испания, Жапония, Ұлыбритания, Қытай мен Ресей бастап тұр. Шетелдіктер тек ойынға ғана қызығып қоймай, Алатаудың сұлу табиғатына тамсанып, Алматының мәдени өмірін де тамашалап үлгерген.

Айдана Қуантхан, тілші:

Санаулы уақыттан соң «Қайрат»-«Реал Мадрид» арасындағы ойын басталады. Әлемнің ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жанкүйерлер сүйікті командасының алаңға шығуын ерекше күтіп отыр. Алатау баурайындағы бұл тарихи кездесуде ойынның өзінен бөлек, рух, мақтаныш бар. Бұл матч – ел жүрегін тоғыстырған маңызды оқиға,- дейді алаңға жиналғандар.


Бөлісу