М. Әшімбаев Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының отырысына қатысуда
Страсбургта Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының күзгі сессиясы ашылды. Отырысқа еліміздің Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысуда. Сенат Төрағасы сессия аясында Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының Төрағасы Теодорос Русопулоспен, Еуропа кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті. Өзара әңгімеде тараптар Қазақстан мен Еуропа кеңесі арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты, саяси диалогты күшейту жайын талқылады. Еуропалықтар Қазақстандағы адам құқы, заңның үстемдік етуі, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған демократиялық процестерге оң баға беруде. «Еуропалық құндылықтарға ұмтылыс жолындағы Қазақстанның бастамаларына Еуропа кеңесі қолдау көрсетуі тиіс», дейді Парламенттік ассамблеяның мүшесі Жолт Немет. Депутат бүгінгі Ассамблея отырысында Қазақстан бойынша арнайы баяндама жасайды.
Жолт Немет, Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының депутаты:
Бүгін Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы Қазақстан туралы қарар қабылдауы тиіс. Бұл болашаққа жол картасы іспетті құжат. Қазақстан қарардың ұсыныстарын елеп ескеріп, өзге де конвенцияларға қосылуға дайын. Ең маңыздысы Қазақстан Еуропалық мемлекет болмаса да құндылықтары бойынша Еуропалық ел сияқты. Еуропа кеңесі Қазақстанның осы бағыттағы жолын жалғастыруда маңызды серіктестерінің бірі болады деген сенімдемін.
Қазақстан Парламенті сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев. Бүгін Страсбургта өтіп жатқан Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ Сенат Төрағасы «Қазақстанның өркендеу жолы: демократиялық реформа және парламенттік дипломатия арқылы бірлік» атты дөңгелек стөлге қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
