«Қайрат»-«Реал Мадрид»: Тарихи матч қалай өрбиді?
«Қайрат» «Реалмен» тең түсуі мүмкін, тіпті жеңіп кетуі де ғажап емес. Спорт сарапшылары тарихи матчқа жарыса болжам жасап жатыр. Ойын қалай өрбиді, мадриттік «Реал» қандай схемамен ойнайды? Ал, «Қайрат»-ше?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бүгін – отандық футбол тарихында ерекше күн. Алматының «Қайрат» клубы футбол алыбы, Еуропаның үздік командасы «Реал Мадридпен» жасыл алаңда кездеседі. Бұл тек ойын емес – бұл қазақ футболы үшін сын сәт. Сарапшылар «Қайраттың» тең ойнауға, тіпті жеңіске жетуге мүмкіндігі бар екенін айтуда. УЕФА-ның мәліметінше, «Қайрат» ойыншылары алаңға 4-2-3-1 схемасымен шығады. Қақпада 18 жастағы Шерхан Қалмұрза. Қорғаныста Тапалов, Мартынович, Сорокин және Мата ойнайды. Жартылай қорғаныста Дамир Қасаболат пен Офри Арад, шабуылда Мрынский, Жоржиньо, Громыко және қазақ футболының жаста болса жарқын жұлдызы Дастан Сәтпаев өнер көрсетеді.
Есей Жеңісұлы, спорт комментаторы, сарапшы:
Жалпы, Хаби Алонсоның «Марсельге», «Атлетикоға» қарсы ойынын алсақ көбіне жоғары прессинг қолданады. Яғни, біздің команда шабуылды бастамай жатып прессингке көшуі мүмкін. Бұндай жағдайда орталық алаңда кәдімгідей кеңістіктер пайда болады. Соны біздің жігіттер дұрыс пайдалана алса деп ойлаймын. Менің ойымша «Қайратта» мүмкіндік болады. Өткен «Спортингпен» ойында 10 минун өте нашар ойнады да өзінің қандай осал тұсы бар екенін байқады. Осыдан Рафаэль Уразбахтин қорытынды шығады деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Иә, футболда кішігірм детальдар маңызды рөл ойнауы мүмкін. Сондықтан бұл матчта «Қайрат» ойыншылары барын, керек болса жанын салып ойнауы керек. Мадридтік «Реал» да бүгінгі ойынға 4-2-3-1 схемасын таңдаған. Яғни, қақпада Куртуа, қорғаныста Асенсио, Хейсен, Каррерас және Фран Гарсия. Жартылай қорғаныста Вальверде мен Чуамени ойнайды. Шабуыл шебіне команданың бас бапкері Мастануоно мен Арда Гюлер және Винисиусты қойған. Ал, форвард қызметін клубтың басты жұлдызы Киллиан Мбаппен атқармақ. Бұл әрине УЕФА алдын ала ұсынған мәлімет. Нақты құрамды ойын алдында білеміз. «Спортингпен» өткен ойында «Қайрат» қақпасына кірген голдардың басым бөлігі айып алаңынан сыртынан тебілді. Сондықтан сарапшылар біздің қорғаныс өте сақ ойнауға кеңес береді. Яғни, арты жартылай қорғанысқа, тұтқауыл тұсқа ұқият болған абзал. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қорқыт ата университеті 45 қандасқа грант берді
21.10.2025, 17:59

«Қайрат» – «Пафос»: Алматыда қауіпсіздік күшейтілді
21.10.2025, 17:38
Өртенген Семей орманы қалпына келтірілуде
21.10.2025, 17:35
ШҚО-да жаңа жылыту қазандығы іске қосылды
21.10.2025, 17:32
Атырауда «Береке Fest» акциясы ұйымдастырылды
21.10.2025, 17:30
Республика күні – айрықша мәні бар күн
21.10.2025, 17:28
Қарағандыда «Saryarqa-Lab: Aqyl.Damu.Qadam» форумы өтті
21.10.2025, 17:25
СҚО-да жаңа мектеп ашылды
21.10.2025, 17:23