Басты Жаңалықтар Грекияда қазақтың мәдени мұрасы таныстырылды

Грекияда қазақтың мәдени мұрасы таныстырылды

Грекияның Пирей қаласында қазақтың бай мәдени мұрасы таныстырылды. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі халықаралық гастрономиялық фестивальге қатысып, ұлттық тағамдарымызды көпшілікке паш етті. Грекиялықтар палау, бауырсақ пен құрттан дәм татып қана қоймай, ұлттық тағамдардың қалай әзірленетініне қызығушылық танытты. Қазақтың аспаздық өнеріне тәнті болды. Сондай-ақ шетелдіктер арнайы тігілген киіз үйге кіріп, ұлттық бұйымдардың, музыкалық аспаптардың тарихымен танысты. Естелік суретке түсіп, ұлы дала еліне виртуалды саяхат жасады.

Зилаку Хараламбия, Пирей қаласы әкімінің орынбасары:

Пирей әкімдігі атынан біздің 4-халықаралық гастрономиялық фестивальге Қазақстанның қатысып жатқанына алғысымды білдіремін. Қала тұрғындары мен қонақтары, бәріміз бүгін Қазақстанның тағамдарымен, салт-дәстүрімен танысқанымызға қуаныштымыз.

Анна Пападопулу, Пирей қаласының тұрғыны:

Тағамдарыңыздың дәмі тіл үйіреді. Күріш, сәбіз бен бұрыш, шөптер қосып жасалған тамақ қатты ұнады. Қазақстан павильоны керемет, көп рақмет!


Бөлісу