Атырауда мектеп оқушылары арасында экологиялық байқау өтті
Атырауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық байқау өтті. Мектеп оқушылары қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбында театрландырылған қойылым қойды. Өңірдегі өзекті мәселелерді зерттеп, экология тақырыбын қозғаған оқушылар қоқысты сұрыптаудың, су айдындарын таза ұстап, тал-терек егудің маңызын көрерменге жеткізе білді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, - дейді ұйымдастырушылар. Шара соңында үздіктерге сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Эльмира Сыдықова, облыстық Табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:
Бұл шара «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оған 11 мектеп қатысты: Құрманғазы, Жылыой, Махамбет, Қызылқоға аудандарынан және қаланың үш мектебінен. Негізгі тақырыптар қоқысты бөлек сұрыптау, суды үнемдеу және Азғыр полигоны мәселесіне арналды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
