Басты Жаңалықтар Жанкүйерлердің желідегі қызықтары

Жанкүйерлердің желідегі қызықтары

«Реал Мадридтің» Алматыға келуі – қаланың тынысын өзгерткен тарихи оқиға. Жанкүйерлер үшін шексіз әсер. Қаншама адам корольдік клубтың  ойыншыларын алыстан болса да көру үшін әуежайдың алдына жиналды. Тіпті орналасқан қонақ үйлеріне дейін іздеп барып суретке түсіп жатыр. Кумирінің қолтаңбасын алып, қуанып жатқандар да бар.

Көрдің бе, Карьерас қонақ үйге кіріп барады, Беллингэм маған күліп қарады.

Иә, шынында бұл армандар орындалған күн. Көпшілік сүйікті ойыншыларын көріп, жолы болғандар қолтаңба алып үлгерді. Киллиан Мбаппені құшақтаған балақайға өзгелер қызғана да, қызыға да қарағаны анық.

Әлемге әйгілі испаниялық футбол клубы Алатаудың етегіне келгенін әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады. Қазақстандықтар «қош келдіңдер» деп жылы тілегін жаудырып жатыр.

Қош келдіңдер. Сендерге сәттілік, өзімізге жеңіс тілейміз.
Қымыз, бауырсақтан жеп, ішіп алыңдар.
«Қайрат» - «Реал» – тарихи ойын, тарихи сәт.
Корольдік клубтың Қазақстанға келуі біздің футболдың өскенінің белгісі.

Кешелі бері мегаполистегі атмосфера ерекше. Жұртшылық жаһанға танымал аяқдоп шеберлерін көргеніне қуанышты. Дегенмен патриоттық сезім басым. «Реал Мадрид» фаворит болса да, жерлестеріміз «Қайраттың» жеңісіне тілекші болып отыр.


Бөлісу