Өзбекстанда мыңға жуық сәби сүттен уланған
Өзбекстанда балабақшадағы сәбилер жаппай астан уланды. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жеті адам қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Санитарлық қадағалау қызметінің хабарлауынша, сәбилер сүт өнімдерінен уланған болуы мүмкін. Ауру жұқтырғандармен байланыста болғандарды қосқанда барлығы 1922 бала бақылауға алынды. Ауру белгілері байқалмаған мыңнан астам сәби тексеруден соң үйіне қайтарылған. 700-дей бүлдіршін ем алып, жағдайы жақсарған соң ауруханадан шығарылды. Жүзден астам бала әлі де ем алып жатыр. Олардың 13-нің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай, балаларға жедел гастроэнтерит диагнозы қойылған.
Нурмат Атабеков, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшысының
орынбасары:
Білікті медициналық көмек көрсетуге Ташкенттегі 17 медициналық орталықтан жүзден астам дәрігер-ғалымдар мен профессорлар тартылды. Сәбилерді емдеу процесі заманауи стандарттарға сәйкес жүзеге асырылды. Балалар тез уақытта сауығып кетеді деген үміттеміз.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қорқыт ата университеті 45 қандасқа грант берді
21.10.2025, 17:59

«Қайрат» – «Пафос»: Алматыда қауіпсіздік күшейтілді
21.10.2025, 17:38
Өртенген Семей орманы қалпына келтірілуде
21.10.2025, 17:35
ШҚО-да жаңа жылыту қазандығы іске қосылды
21.10.2025, 17:32
Атырауда «Береке Fest» акциясы ұйымдастырылды
21.10.2025, 17:30
Республика күні – айрықша мәні бар күн
21.10.2025, 17:28
Қарағандыда «Saryarqa-Lab: Aqyl.Damu.Qadam» форумы өтті
21.10.2025, 17:25
СҚО-да жаңа мектеп ашылды
21.10.2025, 17:23