Басты Жаңалықтар Болашақтың кірпішін қалаған құрылысшылар

Болашақтың кірпішін қалаған құрылысшылар

Атырау облысында құрылыс қарқыны күшейді. Қазір өңірде тұрғын үйлерден бастап әлеуметтік нысандарға дейін көптеген жобалар қолға алынған. Әсіресе құрылысшы мамандығына деген сұраныс артып, еңбек нарығында білікті кадрларға үлкен мүмкіндік туып отыр. Өңірдегі әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт қаладағы құрылыс нысандарының бірінен тікелей эфирге қосылуға әзір тұр.

Құрылысшы – тек кірпіш қалап, бетон құятын маман емес. Олар әрбір ғимараттың берік әрі сапалы болуы үшін жауапты. Жұмыс барысында заманауи құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар кеңінен қолданылады. Әрбір қабырға, әрбір іргетас – инженерлік есептің, білікті маман еңбегінің нәтижесі. Мұнда істейтін мамандардың айтуынша, құрылыс саласында шыдамдылық пен ептілік қажет. Себебі бір ғана қателік – тұтас нысанның сапасына әсер етуі мүмкін. Сол себепті әрбір құрылысшы өз ісіне тиянақты болуы тиіс. Дәл қазір мен тұрған аумақта жаңа 150 орындық саз мектебінің құрылысы жүріп жатыр. Мамандардың сөзіне сенсек, нысан жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.

Әлеуметтік нысандардан бөлек тұрғын-үй құрылысы да қарқынды жүруде. Биылғы жылдың 6 айында 1147 пәтер пайдалануға берілді. Ал қазір 4444 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын-үй салынып жатыр. Көк аспанмен таласып, зәулім сарай түрғызып, ел дамуына үлес қосып жүрген бұл маман иелері әрдайым құрметке лайық.


Бөлісу