Атырау облысында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр
Атырау облысында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр. Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылының маңынан 15 шақты малдың өлексесі анықталған. Шаруалар малды өз қолдарымен сойып қарағанда, ішкі құрылысының жарамсызданып, іріп кеткенін байқаған. Ветеринар мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Алдын-ала диагноз бойынша олар уланған болуы мүмкін. Қазір патологиялық материалдар мен судың сапасы тексерілуде.
Бекарыс Меңдіқұлов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің бас маманы:
Өлген малдардан сынамалар алынып, Атырау облысы ветеринария зертханасына улануға қарсы және аса қауіпті ауру анықтауға қарсы зерттеуге жіберіліп отыр. Зерттеу нәтижесі шыққаннан кейін қосымша тағы да хабарлаймыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қорқыт ата университеті 45 қандасқа грант берді
21.10.2025, 17:59

«Қайрат» – «Пафос»: Алматыда қауіпсіздік күшейтілді
21.10.2025, 17:38
Өртенген Семей орманы қалпына келтірілуде
21.10.2025, 17:35
ШҚО-да жаңа жылыту қазандығы іске қосылды
21.10.2025, 17:32
Атырауда «Береке Fest» акциясы ұйымдастырылды
21.10.2025, 17:30
Республика күні – айрықша мәні бар күн
21.10.2025, 17:28
Қарағандыда «Saryarqa-Lab: Aqyl.Damu.Qadam» форумы өтті
21.10.2025, 17:25
СҚО-да жаңа мектеп ашылды
21.10.2025, 17:23