Астанада әскерге шақырылғандардың алғашқы легі шекара қызметіне жөнелтілді
Астанада күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына алғашқы топ жөнелтілді. Жас сарбаздар Зайсан қаласына жолға шықты. Бұл бөлімшенің ғасырдан астам тарихы бар және Қазақстандағы ең көне әскери құрылымдардың бірі. Салтанатты шараға әскерге шақырылғандардың отбасы, мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер, офицерлер мен «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері қатысты.
Мұрат Исенбаев, қалалық Қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары:
Әдетте Астанадан бір әскерге шақыру науқаны кезінде, мысалы, көктемде шамамен 1200 жігіт әскер қатарына алынады. Биыл Шекара қызметінің алғашқы тобына 22 сарбаз қосылды. Жалпы, бір шақырылымда шекара әскеріне орта есеппен 170 жас жіберіледі.
Оралбек Сағатов, әскерге шақырылушы:
Оқуды аяқтаған соң өз еркіммен Шекара қызметінде әскери борышымды өтеуді ұйғардым. Қатарға қосылғаныма қатты қуаныштымын, себебі бұл – элиталық әскер, ал Отан шекарасын қорғау барлығына бірдей бұйыра бермейді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21

Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15
Павлодарлық диқандардың өнімі қар астында қалды
22.10.2025, 17:12
Биыл 26 млн тонна астық бастырылды
22.10.2025, 17:10
Арқалықта 82 адам астан уланған
22.10.2025, 17:07
Трамп пен Путин жуықта кездеспейді
22.10.2025, 17:05
Ташкентте қазақ – өзбек бизнес-форумы өтті
22.10.2025, 17:02