Мектепте буллинг үшін айыппұл салынады
Қазақстандағы мектептер мен колледждерге енгізілген буллинг үшін салынатын айыппұлдың құны белгілі болды. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, мұндай әрекет үшін 10 АЕК, яғни 39 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Жағдай қайталанса, сома 30 АЕК немесе 117 мың теңгеге дейін өседі. Бүгінде білім беру ұйымдарында «ДосболLIKE» атты антибуллингтік бағдарлама іске қосылған. Сынып сағаты кезінде 10 минут осы тақырыпқа арналады. Балалар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін, алаяқтардан қорғануды, төтенше жағдай кезінде әрекет етуді үйренеді.
Айта кетейік, балалар өз құқықтарының бұзылғаны туралы мектептерде орналасқан «111» жедел байланыс орталығының QR коды арқылы хабар бере алады.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21

Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15
Павлодарлық диқандардың өнімі қар астында қалды
22.10.2025, 17:12
Биыл 26 млн тонна астық бастырылды
22.10.2025, 17:10
Арқалықта 82 адам астан уланған
22.10.2025, 17:07
Трамп пен Путин жуықта кездеспейді
22.10.2025, 17:05
Ташкентте қазақ – өзбек бизнес-форумы өтті
22.10.2025, 17:02