Емханаларға тіркелу науқаны басталды
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін қазақстандықтар медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін емхананы өздері таңдап, ауыстыра алады. Жаңа емханаға тіркелгендер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап сол мекемеден қызмет ала бастайды. Ол үшін ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан болуы шарт.
2 айдың ішінде бұл науқанға Қазақстан азаматтарынан бөлек, елде тұрақты тұратын шетелдіктер мен ықтиярхаттары бар адамдар тіркеле алады. Сондай-ақ бұл қызметті медициналық сақтандыру келісімі болған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері пайдалана алады.
Өтінішті онлайн eGov.kz порталы арқылы немесе таңдаған емхананың өзіне барып беруге болады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздегі ғалымдардың 47 пайызы жастар
22.10.2025, 17:21

Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы бойынша арзан несие берілді
22.10.2025, 17:18
Жамбыл облысында есек қаптап кетті
22.10.2025, 17:15
Павлодарлық диқандардың өнімі қар астында қалды
22.10.2025, 17:12
Биыл 26 млн тонна астық бастырылды
22.10.2025, 17:10
Арқалықта 82 адам астан уланған
22.10.2025, 17:07
Трамп пен Путин жуықта кездеспейді
22.10.2025, 17:05
Ташкентте қазақ – өзбек бизнес-форумы өтті
22.10.2025, 17:02