Алматы облысында ірі 122 жоба іске асырылып жатыр
Алматы облысында құны 2 трлн 400 млрд теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңадан 36 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Президентке аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев баяндады. Жыл басынан өңірде 12 өнеркәсіп іске қосылған. Алатау қаласында көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы Қонаев және Алатау қалаларын дамытуға қатысты белгіленген мақсаттарды орындаудың маңызын атап өтті. Президент индустриалды аймақтар әлеуетін нығайтуға және жол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
Былтырғы жылы 980 млрд теңге инвестиция тартылды. Биыл да сол қарқынды сақтап келе жатырмыз. Биылғы жоспарымыз 1 трлн 300 млрд теңге. Біздің облыс инвестиция тарту қарқынын сақтаған есебінен қазіргі ішкі өнім 10-орыннан 5-орынға келдік. Ең басты мәселе – Қонаев пен Алатау қалаларының дамуы болды. Бұл тарапта да біраз тапсырмалар қабылданды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21

Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18
Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
23.10.2025, 13:12
Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
23.10.2025, 13:10
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
23.10.2025, 13:08
Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды
23.10.2025, 13:06
ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде
23.10.2025, 13:03
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
23.10.2025, 13:00