Басты Жаңалықтар Әлемде қара алтын қайта қымбаттап жатыр

Әлемде қара алтын қайта қымбаттап жатыр

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының отырысы қарсаңында қара алтын қайта қымбаттап жатыр. BRENT сұрыпты мұнай 90 долларға, АҚШ-тың WTI шикізаты 84 долларға саудалануда. ОПЕК+ ұйымы пандемия басталған уақыттан бері мұнай өндіруді барынша қысқартуды көздейді. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, ұйым шикізат өндірісін тәулігіне 1 млн баррельге дейін азайтпақ. Әлем нарығында мұнай азаюы мүмкін деген болжам бағаның өсуіне ықпал етті. 

Ақерке Бектас

Бөлісу