Ақпарат. Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ ауруы өрши түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат. Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ ауруы өрши түсті

12.09.2018
Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ ауруы өршіп, төтенше жағдай жарияланды. Инфекциялық дерттен 20 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, тағы 2 мыңнан астам тұрғын ауруды лас суды ішу арқылы жұқтырса керек. Бұл елде су тапшы. Тұрғындар ашық  құдықтар мен  ішуге жарамсыз су қоймаларының суын пайдалануға мәжбүр. Он жылдан астам уақыт бойы ауызсу мәселесі өз шешімін таппай келеді. 2008 жылы тырысқақ ауруынан бұл елде 4 мыңнан астам адам қаза тапқан.    

Ақпарат

Жүргізушілер: Шерхан Жамбылұлы, Дархан Рақымжан, Армангүл Тоқтамұрат, Альбина Әшім, Ләйлә Қазиақпар, Айнұр МаратқызыЭфир күні мен уақыты: дүйсенб