Másele. Ауылдағы дәрігерлердің жағдайы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Másele. Ауылдағы дәрігерлердің жағдайы қандай?

03.11.2018
Алдымен ауылдағы дәрігерлердің ахуалын айтайық. «Басы ауырып балтыры сыздағандар» алып-ұшып шағын мекендегі бірді-екілі ақ халатты абзал жанға асығады. Ауру алқымнан алғанда ажалға ара түсе ме деген үмітпен. Бірақ, ауылдағы дәрігерлердің не дәрісі толық емес, ол аздай отырған ғимараттары олпы-солпы дегенді көп естиміз. Тиісті емді алмаған соң, қажетті екпені салмаған соң ағайын арызданады. «Ауру атанды да шөктіретінін» ескерсек, ауылдағы науқасқа тиісті ем-дом көрсетілмеген соң, ауданнан маман алдырады. Олар келгенше қарапайым ел жер құндақтап қалады.

Másele

Эфир уақыты: Сенбі, 20:00«Мәселе» телебағдарламасы көрерменнің көкейінде жүрген көптеген сұрақтардың жауабын боямасыз, бұқпасыз, дәлелді сюжеттер