Махаббат, қызық мол жылдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Махаббат, қызық мол жылдар

Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 21:30

Телехикая жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша түсірілді. 20 бөлімді туынды ешқашан қартаймайтын, ешқашан өзектілігін жоймайтын мәңгілік махаббат тақырыбына арналады.

Телехикая оқиғасы майданнан аман оралған ардагер жазушының бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алады. Бас кейіпкер Ербол образы арқылы қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен шынайы махаббат сезімі баяндалады.

Хабарламаларға жазылу