Гонконгта орта мектеп оқушылары экстрадиция туралы заңға қарсы шеруге шықты
Гонконгте орта мектеп оқушылары да шеруге шығып, саяси реформа жүргізуді талап етті. Мыңдаған жасөспірім айыпты деп танылған адамды материктік Қытайға экстрадициялау туралы заңды күн тәртібінен мүлде алып тастауды талап етіп жатыр. Айтуларынша, олар бұл талапқа үкімет жауап бермегені үшін жазғы демалыстарын тоқтатып, шерулерге қосылған.
Гонконгта демонстрациялар маусымда басталды. Қытай болса, Ұлыбритания мен Батысты елдің ішкі істеріне араласты деп айыптап отыр.
Лондон бұл аралды Бейжіңнің қарамағына 1997 жылы қайтарды. Сол кезде Қытай «Бір ел, екі жүйе» формуласы бойынша, Гонконгтың тәуелсіз сот жүйесі мен митингіге шығу тәрізді құқықтарын сақтауға уәде берген еді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертегілері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10